Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Попко
Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Сантостағы (Бразилия) турнирдің 1/8 финалында сүрінді. 

Тартысқа толы кездесуде Попко аргентиналық Эрнан Казановпен шеберлік байқасып, екі сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды. Есеп - 4:6, 6:7 (5:7).

Матч 2 сағатқа созылды.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар