Дмитрий Попко Италиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 244-ракеткасы Дмитрий Попко Виченца (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Дмитрий Попко
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 580-орында тұрған италиялық Федерико Арнабольдидан айласын асырды.

Д.Попко қарсыласын екі партияда айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1. Бір сағат 25 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Арнабольди 2 эйспен тыншыды.

Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің – 134, осы жарыстың 1-ракеткасы, корт иесі Франческо Пассаромен таласады. Ол өзінің отандасы, рейтингіде 403-орындағы Марко Чеккинатоны жолдан тайдырды – 6:3, 6:2.

Қазақстанның әйелдер арасында екінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева Парижде Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өте алмады. Ол кезінде дүниежүзілік рейтингіде 2-орынға дейін көтерілген, қазіргі таңда 139-сатыдағы испаниялық Паула Бадосаға екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта есе жіберді – 6:4, 1:6, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар