21:38, 17 Наурыз 2024 | GMT +5
Дмитрий Попко ITF турнирлерінде биылғы бесінші титулына қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF M25 турнирінің чемпионы атанды.

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші соңғы сында дүниежүзілік рейтингіде 771-орында тұрған америкалық Харрисон Адамспен кездесті. Дмитрий Попко қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық спортшы биыл ITF жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Сондай-ақ ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Бразилиядағы жарыстың финалына өткенін жазған болатынбыз.