15:59, 21 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 1523-сатыда тұрған аргентиналық Эсекиль Монферрермен шеберлік байқасты.
Д.Попко қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингте 670-орындағы өзбекстандық Сергей Фоминмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шыққанын жазған болатынбыз.