16:16, 22 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің жартылай финалына өтті
Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 670-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, өзбекстандық Сергей Фоминмен кортта кездесті.
Д.Попко қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Доданың 1-ракеткасы Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 783-орында тұрған ресейлік Евгений Тюрневпен таласады.
Қазақстандық теннисші жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Түркиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина ең жоғары ақы төленетін әлемдегі 10 спортшының қатарына кірді.