Дмитрий Попко Загребте үш сағаттық матчта жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 244-ракеткасы Дмитрий Попко Загреб (Хорватия) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты.

Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалында ойнайды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 274-орында тұрған аргентиналық Ренцо Оливомен қиын матчты өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте Р.Оливоның жолы болды – 7:6 (7:2). Дегенмен бұдан кейін Д.Попко ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды – 6:2, 7:5.

Үш сағат 13 минутқа созылған аса тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Оливо 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 204-ракеткасы, корт иесі Дино Прижмичпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Әмір Омархановтың жасөспірімдер арасында ширек финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар