01:44, 10 Наурыз 2024 | GMT +5
Дмитрий Попко жұптық сында Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.
Дмитрий Попко жекелей сында да финалдық кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың жеңіс сериясын 23 матчқа жеткізіп, Бразилияда финалға шыққанын жазған болатынбыз.