Дмитрий Рейхерд жеңіске қалай жетті

«Шымбұлақтағы трасса өте қиын болды. Әрине, ол әлемдік стандарттарға сай жасалған. Онда сайысу өте қиын болса да біз керек нәтижені көрсеттік. Қарсыластар мықты болды, барлығы құрметке лайық», - деді Дмитрий Рейхард.
Ол өз сөзінде Универсиаданың медалін алу мәртебе екенін айтып, жанкүйерлерге алғысын жеткізді.
«Біз бұл стартқа тыңғылықты дайындалдық. Әлем кубогінде өнер көрсетіп, Универсиадаға әбден дайын кезімізде келдік те лайықты екенімізді көрсеттік», - деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасында осымен 5-ші алтын бар. Жеңімпаздар: Дмитрий Рейхерд (могул), Юлия Галышева (могул), Галина Вишневская және Алина Райкова (биатлон) Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек (фристайлшылар дуэті).
Бүгінде Қазақстан қоржынында 5 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.