Дінмұхаммед Қасымбек еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Қасымбек (80 келі) қола жүлдегер атанды.

Дінмұхаммед Қасымбек еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
Фото: Біріккен күрес әлемі (UWW)

Айта кетсек, бұдан бұрын Жаңажол Қуанышбек (45 келі) Грекия астанасы Афины қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды.

Оған қоса ел құрамасынан Нұрдәулет Кұмарұлы (48 келі), Асқар Нұрәли (55 келі) күміс жүлдегер атанса, Досбол Шамил (65 келі) қола медаль иесі болды.

Ал әйелдер күресінен Мадхия Усманова (57 келі) чемпион атанса, Інжу Баққожа (40 келі) мен Шахизада Даулетжан (69 келі) үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада өтіп жатқан халықаралық турнирде екі жүлдеге ие болды.

Бақытжан Қабдыл күміс жүлдегер атанса,Сайфулла Құрман, Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар