16:09, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Доха қаласында газ экспорттаушы елдер форумының (ГЭЕФ) бірінші Газ саммиті болып өтті
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат. 12 мүше ел мен 3 бақылаушыдан тұратын форум болашақта мұнайлық «ОПЕК»-тің баламасына айналады деп үміт артылып отырған әлемнің алпауыт газ өндірушілерін біріктіретін беделді халықаралық институт болып табылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумда бақылаушы мемлекет мәртебесін иеленген Қазақстан атынан саммитке ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ саласындағы мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Талғат Момышев бастаған делегация қатысты.
Саммит қорытындысы бойынша газға деген әлемдік әділ бағалар қалыптастыру бастамасын, «көгілдір отынды» жеткізуші мен тұтынушы арасында ұзақ мерзімдік қатынас орнату, сонымен қатар тұрақты транзиттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттіліктерін қамтитын Қорытынды декларация қабылданды. Сонымен бірге, жиында форумның одан әрі даму перспективалары және өзге де ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер қарастырылды.