Дохада ҚР делегациясына өндіруші салалардағы қызметтің ашықтығы бастамасын жүзеге асырғаны үшін награда тапсырылды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – Дохада дүйсенбі күні Өндіру салаларындағы қызметтің ашықтығы бастамасы бойынша 4-ші халықаралық конференция жұмысын бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған 50-ден астам елдің мемлекет басшылары, үкіметтердің, министрліктердің басшылары, халықаралық қаржы институттарының, тау-кен және мұнай-газ секторының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда. Бұл шараның басты мақсаты ? әртүрлі елдерде осы бастаманы енгізу және насихаттау тәжірибесінің барысы туралы пікір алысу және оған мемлекеттерді көбірек тарту. Қазақстан делегациясының құрамында Өндіруші салалар қызметі ашықтығы бастамасы ұлттық кеңесінің мүдделі тұлғалары, Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті Мақсат Иденов, ҮЕҰ және мұнай өндіруші ұйымдар өкілдері бар. Конференция барысында қазақстандық тарап саланың ашықтығы бастамасын елімізде енгізу үдерісі жөнінде есеп ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2005 жылы қол қойылған ҚР Үкіметі, компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өндіруші салалар қызметіндегі ашықтық бастамасы бойынша өзара түсіністік меморандумына бүгінде 119 компания, яғни Қазақстанның мұнай-газ өндіруші секторының 91 пайызы қосылғаны атап өтілді.Ақпанның 17-сінде конференцияда Қазақстанға осы бастаманы жүзеге асыру және насихаттау ісіндегі жетістіктері үшін награда тапсырылды. Бүгін конференция өз жұмысын аяқтайды, оның қорытындысы бойынша тиісті құжат және форумның жұмысы туралы баяндама қабылданады.
Соңғы жаңалықтар