04:09, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Doing Business рейтингінде Қазақстан 12 позицияға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) биылғы жылдың қорытындысы бойынша жариялаған «Doing Business 2016» рейтингісінде Қазақстан 12 позицияға көтеріліп, 41-орынға тұрақтады.

Бұл рейтинг бизнес жасауға қолайлы жағдай жасалған елді анықтайды. Рейтингтің басында Сингапур тұр. Ол он жыл бойы алғашқы орыннан көрініп келеді. Одан әрі үздік ондыққа Жаңа Зеландия, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Норвегия мен Финляндия елдері кірген.
Ал посткеңестік елдер арасында алғашқы орында Эстония тұр (16-орын), содан кейін Литва (20-орын), Латвия (22-орын), Грузия (24-орын). Содан барып Армения (35-орын), Қазақстан (41-орын), Беларусь (44-орын), Ресей (51-орын), Молдова (52-орын), Әзербайджан (63-орын), Қырғызстан (67-орын), Украина (83-орын) және Тәжікстан (132-орын) кетеді.