«Doing Business» субұлттық рейтингісі Қазақстанның 8 аймағында енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы бизнесті жүргізудің «Doing Business» субұлттық рейтингісі Қазақстанның 8 аймағында енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.
None
None

«Біз келесі жылдан бастап, жаңа жобаны қолға алмақпыз - ол жаһандық рейтингке қолғабыс болатын «Doing Business» субұлттық рейтингісі. Біз Қазақстанның 8 аймағында, соның ішінде Алматы мен Астана қалаларында төрт индикаторды енгізу бойынша жұмысты бастаймыз», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті биліктің бизнесті жақсартуға бағытталған төл реформаларын бағалау жүйесі енгізіледі. Ғалия Жолдыбаеваның ойынша, бұл жаңашылдық Қазақстанның «Doing Business-2017» жаһандық рейтингісіне оң әсер етуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар