09:00, 22 Тамыз 2025 | GMT +5
Доллар 538-542 теңге аралығында саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар: сатып алу — 538,70 теңге, сату — 540,82 теңге;
— еуро: сатып алу — 625,31 теңге, сату — 629,52 теңге;
— рубль 6,64 — 6,75 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар 535,54 теңгеден сатып алынады, 542,51 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 622,51 теңге, сату — 632,46 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,67 теңге, сату — 6,78 теңге.
Еске салайық, 21 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 537,75 теңге болды.