Доллар 546-549 теңге аралығында саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар: сатып алу — 546,17 теңге, сату — 548,28 теңге;
— еуро: сатып алу — 639,48 теңге, сату — 644,39 теңге;
— рубль 6,45 — 6,58 теңге аралығында саудаланады.
— юань 76,42 — 79,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар 544,42 теңгеден сатып алынады, 549,41 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 637,51 теңге, сату — 645,46 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,62 теңге.
— юань 76,48 теңгеден сатып алынады, 80,40 теңгеден сатылады;

Еске салайық, 29 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге қымбаттап, 548,79 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар