Доллар аптаны 444 теңге деңгейінде аяқтады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,7 теңгеге өсіп, 444,30 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 443,62 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 441,99 теңгеден сатып алынады, 448,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 490,00 теңге, сату - 500,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,15 теңге, сату - 5,35 теңге.
- юань: сатып алу - 67,62 теңге, сату - 71,41 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 444,85 теңгеден сатып алынады, 446,84 теңгеден сатылады. Еуро 492,56 – 497,44 теңге, ал 5,17 – 5,29 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 66,99 теңгеден сатып алынады, 69,47 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 12 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,2 теңгеге түсіп, 443,62 теңге болды.