Доллар аздап әлсіреді

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,68 (-1,55 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 37 000 мың АҚШ долларын (+6 950 мың USD) құрады.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 48,5900 теңгені (-0,1800 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 900 мың юань (+200 мың юань) болды.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.