Доллар бағамы 460 теңгеге түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: Sebaguir / FOTODOM

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,93 теңгеге түсіп, 460,80 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 464,86 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 456,15 теңгеден сатып алынады, 463,15 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,16 теңге, сату — 544,16 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.
— юань: сатып алу — 67,67 теңге, сату — 73,48 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,84 теңгеден сатып алынады, 460,50 теңгеден сатылады. Еуро 532,59 — 543,45 теңге, ал рубль 5,95 — 6,08 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,88 теңгеден сатып алынады, 70,70 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге өсіп, 464,86 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар