Доллар бағамы қайтадан 540 теңгеге жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық қорытындысы шықты. 

Доллар бағамы қайтадан 540 теңгеге жетті
Фото: Александр Павский / Kazinform

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 540,18 теңге болып, 0,55 теңге өсті. Ұлттық банктің 3 қыркүйекке белгіленген ресми бағамы — 539,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 539,34 теңгеден сатып алынып, 541,12 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағасы — 626,05-630,47 теңге, рубль — 6,60-6,71 теңге аралығында.

Астанада доллар 537,97 теңгеден сатып алынып, 543 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 624-634 теңге, ал рубль 6,63-6,74 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Шымкентте доллар орта есеппен 538,77 теңгеден сатып алынып, 541,77 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 625,14-630,05 теңге, рубль 6,59-6,67 теңге көлемінде.

Айта кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі саудада доллардың орташа бағамы 539,55 теңге болып, 0,95 теңге өскен еді.

Соңғы жаңалықтар