Доллар бағамы өзгеріссіз қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда аяқталды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы - 447,88 теңге. Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми айырбас бағамы 447,80 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 446,00 теңгеден сатып, 453,00 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 514,05 теңгеден сатып, 524,05 теңгеден сатып алуға болады. Рубль 5,00 теңгеден қабылданып, 5,20 теңгеден сатылды.
Алматыда доллар орта есеппен 447,64 теңгеден сатылып, 449,54 теңгеден сатып алынады. Тұрғындар еуроны 515,23 теңгеден сатып, 520,34 теңгеден сатып ала алады. Рубльді сату - 5,08 теңге, ал сатып алу - 5,19 теңге.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 447,56 теңгеден сатылып, 449,63 теңгеден сатып алынды. Еуро 516,44 теңгеден сатылып, 521,62 теңгеден алады. Рубльді сату 5,09 теңге, ал 5,17 теңгеден сатып алуға болады.
Еске салсақ, доллар 447 теңгеге дейін төмендегені хабарланды.