Доллар бағамы -146, 86 теңге

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146, 86 теңгені, ал сауда көлемі 97 900 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0, 01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 31 200 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 179,50 теңгені, сауда көлемі 500 мың еуроны құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар