Доллар бағамы 320 теңгеге дейін тұрақтанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетелдік валюта бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды.
Сауда көлемі 117 700 мың АҚШ долларын құраған жағдайда, АҚШ долларының орташа бағасы долларына 319,71 теңгені құрады. Таңертеңгі және күндізгі сессия нәтижесі бойынша есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 320,00 теңгені (-2,27 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 150 200 мың АҚШ долларына (+15 850 мың USD) жетті. Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.