Доллар бірден 4,5 теңгеге қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Доллар бүгін, 2 тамызда  4,5 теңгеге қымбаттады.
None
None

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша  АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,53 (+4,46 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 217 700 мың USD (+185 400 мың USD) құрады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 29 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ.

Есептесуі теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 49,7066 теңгені (+0,7583 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі -

500 мың юань (+200 мың юань) болды.

Соңғы жаңалықтар