Доллар биржада тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады.

о
Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 512,16 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 510,95 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,45 теңгеден сатып алынады, 514,92 теңгеден сатылады. Еуро 593,89 – 598,24 теңге, ал рубль 6,44 – 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,81 теңгеден сатып алынады, 76,87 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 511,00 теңгеден сатып алынады, 518,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

- юань: сатып алу - 73,96 теңге, сату - 77,99 теңге.

Еске салайық, 15 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге қымбаттап, 510,95 теңге болды.

 

Соңғы жаңалықтар