Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 - 520 теңгеден саудаланып жатыр

доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 2 желтоқсанға арналған ресми бағамы 1 долларға 511,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,73 теңге. Еуро – 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,7 теңге. Еуро 540,5 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510 теңге, сатып алу құны – 520 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,90 - 5,00 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге төмендеп, 512,52 теңге болған.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар