Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 — 505 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,98 теңге. Еуро — 554,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 541 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 547 теңгеден сатып алынып, 555 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85 — 6,00 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 3 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 501,55 теңге болған.
Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.