Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 17 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 592, 46.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 590 — 597 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 597 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,23 — 6,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 16 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,67 теңгеге қымбаттап, 521,67 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар