Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 – 533 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: pixabay

Ұлттық банктің 19 қаңтарға ұсынған ресми бағамы - 1 долларға 530,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,17 теңге. Еуро - 546,08.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530,35 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 532,66 теңге. Еуро 545,07 - 549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 530,60 теңге, сатып алу құны - 533,6 теңге. Еуро 545,7 теңгеден сатылып, 549,4 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар