Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 495– 500 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 525,21.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 523,5 — 528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 19 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,82 теңгеге төмендеп, 497,18 теңге болған.
Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев доллар бағамына қатысты пікір білдірді.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ ол теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.