Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 523 – 533 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 3 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 524,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,93 теңге. Еуро — 551,91.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 529,1 теңге. Еуро 548,5 — 556,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 557 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 2 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 12,27 теңгеге қымбаттап, 524,79 теңге болған.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.
Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.