Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 521 теңгеден саудаланып жатыр.

Курс валют валюта бағамы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ұлттық банктің 25 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 517,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,23 теңге. Еуро — 588,48.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 586 — 591 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,09 — 6,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,22 теңгеге төмендеп, 517,16 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар