Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 436,00 теңгеден сатып алынады, 443,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 497,00 теңге, сату — 507,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,00 теңге, сату — 5,20 теңге;
— юань 65,67 теңгеден сатып алынады, 70,35 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 438,16 теңге, сату — 440,57 теңге;
— еуро: сатып алу — 498,84 теңге, сату — 503,27 теңге;
— рубль 4,98 — 5,10 теңге аралығында саудаланады.
— юань 65,34 — 67,94 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 30 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге өсіп, 440,86 теңге болды.