08:52, 22 Шілде 2025 | GMT +5
Доллар, еуро және рубль қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу 529,88 теңге, сату 531,89 теңге;
- еуро: сатып алу 617,23 теңге, сату 621,49 теңге;
- рубль 6,64 - 6,75 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 527,54 теңгеден сатып алынады, 534,54 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу 611,58 теңге, сату 621,58 теңге;
- рубль: сатып алу 6,69 теңге, сату 6,80 теңге.
Еске салайық, 21 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,70 теңгеге арзандап, 529,59 теңге болды.