08:50, 18 Тамыз 2025 | GMT +5
Доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар: сатып алу — 540,66 теңге, сату — 542,70 теңге;
— еуро: сатып алу — 629,54 теңге, сату — 633,81 теңге;
— рубль 6,64 — 6,76 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар 537,76 теңгеден сатып алынады, 544,62 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 625,80 теңге, сату — 635,65 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,70 теңге, сату — 6,81 теңге.
Еске салайық, өткен апта соңында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,77 теңгеге қымбаттап, 540,87 теңге болды.