Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 466,18 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,85 теңге.

14 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге қымбаттап, 466,14 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465– 469 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 464,5 – 467,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,67 – 4,89 аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар