Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 441,79 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 - 446 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 442,7 – 444, 5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,83 - 4,91 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 22 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге қымбаттап, 441,86 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар