Ресейде Тобыл өзенінің деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін

Тобыл
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Федерациясы Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Тобыл өзеніндегі су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ТАСС

Бір түнде Қорғандағы бақылау-өлшеу стансасындағы Тобыл өзенінің су деңгейі 24 см-ге артып, 970 см-ге жетті, деп хабарлады жергілікті билік.

РФ Қорған облысы Тобыл өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 669 тұрғын үй мен 2376 саяжайды су басып, 25 елді мекен электр қуатынсыз қалды. Билік Тобыл маңындағы барлық елді мекендердің тұрғындарын, соның ішінде облыстың әкімшілік орталығы Қорған қаласын да көшіруге шақырды.

Облыс губернаторы Вадим Шумков аймақта «қиын жағдай» болжанатынын атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Есіл өзеніндегі су деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Ресейдің Түмен облысында да күрделі жағдай қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар