Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Доллар бағамы
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 473, 98 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4, 93 теңге.
25 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге төмендеп, 473, 99 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-475 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 473 - 476,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,79 - 4,99 аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар