Доллар тағы 1 теңгеге арзандады

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,60 (-1,09 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі- 40 350 мың USD (+2 850 мың USD) АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
Еске сала кетейік, кеше күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 332,72 теңге болған.