Доллар төмендей бастады

МӘСКЕУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Рубльдің беки бастағанына бірнеше күн болды. Бүгін Мәскеу банкаралық валюта биржасында (МБВБ) өткен саудада 1 доллардың құны 35 рубльден де түсіп кетті, ал, еуро 45 рубль шегінде болды. Дегенмен, РФ Орталық банкінің ресми бағамы бойынша ертең 1? = 46,33 рубльге тең болады.
None
None
Кешегі күнге қарағанда доллар арзандай түсті. Ақпанның 13-де, 1 доллардың ресми бағамы 34,80 рубльге тең болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Мәскеу банкаралық валюта биржасының шетел валюталарын сата бастауы рубльдің беки түсуін қамтамасыз етті. Талдаушылардың мәліметтеріне қарағанда, бұған дейін жасалған девальвация төлем балансының тапшылығын тиімді деңгейге дейін төмендетті, оны өткен айдың оң сальдолары қуаттайды. Бақылаушылардың пікірінше, қазір Орталық банк рубльді қажетті шекте ұстап, соңғы кездері қор секторларына назар аудара бастаған, сондай-ақ валюта рыногындағы алыпсатарлардың белсенділігін айтарлықтай төмендете алады. Салық төлемдерінің уақыты жақындап қалғандықтан, нарыққа қатысушылар келесі аптадан бастап ресей валютасының айтарлықтай беки түсуін қалайды. Салық төлемдерінің жақындай түсуі мен экспорттық түсімді сату ақпанның аяғына қарай рубльдің өсе түсуін қалыптастырады. Болжамдарға қарағанда, ресей валютасының тұрақтана түсуі жалғаса береді.
Соңғы жаңалықтар