Доллар үшінші күн қатарынан арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,39 теңгеге арзандап, 540,06 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 541,63 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,29 теңгеден сатып алынады, 543,50 теңгеден сатылады. Еуро 627,67 – 632,92 теңге, ал рубль 6,51 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,52 теңгеден сатып алынады, 78,23 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 538,72 теңгеден сатып алынады, 544,72 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 625,74 теңге, сату - 633,74 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,54 теңге, сату - 6,70 теңге.
- юань: сатып алу - 75,85 теңге, сату - 79,75 теңге.
Еске салайық, 7 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,63 теңгеге арзандап, 541,63 теңге болды.