Доллар үшінші күн қатарынан арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге арзандап, 472,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 475,09 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 468,04 теңгеден сатып алынады, 475,04 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 540,03 теңге, сату — 550,03 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,01 теңге.
— юань: сатып алу — 69,15 теңге, сату — 74,55 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 470,04 теңгеден сатып алынады, 472,32 теңгеден сатылады. Еуро 543,81 — 548,65 теңге, ал рубль 5,81 — 5,95 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,79 теңгеден сатып алынады, 77,43 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 1 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,06 теңгеге арзандап, 475,09 теңге болды.