Доллардың бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 – 477 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ресей рублі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында 22 қыркүйек күні кешке өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 475, 14 теңге болған.
Ұлттық банктің 25 қыркүйекке белгілеген ресми құны: 1 доллар – 475, 25 теңге,
Ресей рублі – 4,95 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, осы уақытта доллар Алматыда 473,3 – 477 теңгеден, Астанада 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Ресей рублі Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 4,81 – 5, 01 теңге, Астанада 4,77 - 4,92 теңге аралығында ұсынылуда.

Соңғы жаңалықтар