00:22, 07 Шілде 2025 | GMT +5
Домбыра күні: «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарықпен көмкерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда домбыра күні ерекше атап өтілді.

Алматының ең көрнекті орындарының бірі - «Көктөбе» телемұнарасы Ұлттық домбыра күніне орай ерекше жарықпен айшықталып, мерекелік кейіпке енді.
Мұнараның қасбетіне домбыраның бейнесі, әуенді ноталар, ұлттық өрнектер мен «Ұлттық домбыра күні құтты болсын!» деген құттықтау жазу пайда болды.

Атаулы күнге орай Республика сарайының алдындағы Абай алаңында дәстүрлі және эстрада жанрындағы танымал өнер иелерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтап, бұл күннің ұлттық рух пен мәдени болмысты бекемдеудегі айрықша маңызын атады.

Еске салайық, бұған дейін де телемұнарада мерекелік безендірулер ұйымдастырылған еді.
