Дөң кен-байыту комбинаты күйдірілген жентектерді өндіру фабрикасын іске қосты

ӨБЕ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Хромтау қаласында Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың қатысуымен  он-лайн тәртібінде «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ Дөң кен-байыту комбинатының күйдірілген  жентектерді  өндіру фабрикасын іске қосты.
None
None

Рәсім елорданың туған күніне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комбинат күйдірілген хромды жентектер  өндірісінің және шығарудың технологияларын - ферроқорытпа өнеркәсібі үшін бағалы шикізат болып табылатын өнімнің жаңа түрін игерген.

Фабриканың қуаттылығы жылына 700 мың тоннаны құрайды, жобаның құны 111 млн. доллар. 250 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Соңғы жаңалықтар