Дональд Трамп құпия материалдарға қатысты тағылған айыпты мойындамады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Дональд Трамп Майами федералды сотында өткен тарихи отырыс барысында құпия материалдарды сақтағаны үшін кінәсін мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
None

Трамп федералды қылмыстық жауапкершілікке тартылған АҚШ-тың алғашқы президенті.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы биылғы жылы өткен екінші сот отырысында үнсіз отырды. Отырыс барысында Трамптың адвокаты Тодд Бланш құпия құжаттарды заңсыз сақтағаны және үкіметтің оларды алуға бағытталған іс-әрекеттеріне кедергі келтіргені үшін тағылған 37 айып бойынша қорғалушысының кінәсіздігін мәлімдеді.

76 жастағы бұрынғы президентке сот залынан ішкі немесе халықаралық сапарларға шектеусіз, сондай-ақ кепілсіз шығуға рұқсат етілді. Прокурорлар сотталушы қашуға бейім емес деп есептеді. АҚШ-тың бұрынғы президентінің жақтастары Трампқа тағылған айыптардың саяси астары барына және оны басты қарсыласы ұйымдастырып отырғанына сенімді.


Соңғы жаңалықтар