11:08, 16 Қараша 2017 | GMT +6
Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Жуырда телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев елордада 13 қараша күні өткен Астана клубының үшінші отырысында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтты.
«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді, олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар -мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз технологиялар саласында да, бірлескен инвестициялар бағытында да ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді ол.