Дональд Трамптың компаниясы салықтан жалтарып, алаяқтық жасаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте сот АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың отбасына тиесілі Trump Organization (Трамп ұйымы) компаниясын салықты төлеуде алаяқтық жасады деп таныды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлйды.

Дональд Трамптың компаниясы салықтан жалтарып, алаяқтық жасаған

Сот кезінде Трамп та, оның туыстары да айыпталған жоқ. Алайда осы фирма олардың жылжымайтын мүлкін, соның ішінде әлемдегі барлық қонақүйлерін, гольф-клубтары мен басқа нысандарын басқарады.

Прокурорлар Trumpg Organization компаниясына таққан барлық 17 айыпта кінәлі деп мәлімдеді.

Сот Трамп компаниясының қызметкерлері 10 жылдан астам уақыт бойы кейбір кірістерді декларацияламағанын анықтады, яғни салықты айтарлықтай аз төлеген. Іс бойынша басты айыпталушы Trump Organization компаниясының бұрынғы қаржы директоры Алан Вайссельберг болды, ол кінәсін мойындап, фирмаға қарсы куәлік берді. 75 жастағы Вексельберг тергеумен келісімге келіп, оның шарты бойынша ол түрмеде 5 ай отырып шығады. Ол сондай-ақ 1,7 миллион доллардан астам декларацияланбаған кірісті қайтаруы керек.

«Trump Corporation 13 жыл бойы жоғары деңгейлі менеджерлерге салық органдарынан әдейі жасырылған қомақты қосымша жеңілдіктер мен төлемдер алатын схеманы іске асырған», - деді Манхэттен прокуроры Элвин Браг.

Еске салсақ, Дональд Трамп алдағы президент сайлауына түсуге ресми өтініш берді.


Фото: REUTERS