Дональд Трамптың соты қашан басталатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды заңсыз сақтады деп айыпталып отырған АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
None

Федералды сот Эйлин Кэннон АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың құпия құжаттарды сақтағанына қатысты сот ісі 2024 жылдың 20 мамырында өтеді деп белгіледі.

Тыңдалым оның қазіргі президент Джо Байденге қарсы сайлауалды науқаны қызып тұрған шақта басталады.

Прокурор сот ісін 2023 жылдың желтоқсанында бастауды ұсынды, ал Трамп адвокаты оны 2024 жылдың қарашасында өтетін президент сайлауы аяқталғанша шегере тұруды сұрады.

Ақ үйдің бұрынғы басшысына жалпы 38 бөлік бойынша айып тағылды, оның ішінде ересектерге арналған фильмдердің актрисасы Сторми Дэниэлске ештеңе айтпауы үшін ақша төлегені, сонымен қатар несие алу үшін жекеменшік бағасын көтеріп көрсеткеніне қатысты алаяқтық ісі бар.

Бұған дейінгі президент сайлауының нәтижесін жоюға тырысу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар