Дональд Трамп АҚШ Конгресі сайлауында мерзімінен бұрын дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп 24 қазанда Флорида штатында Конгреске аралық сайлауда мерзімінен бұрын дауыс бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлады.
Журналист Республикалық партия өкілдеріне дауыс берген-бермегенін сұрағанда, Трамп дауыс бергенін растады.
— Дәл солай, — деді Трамп.
АҚШ президенті сайлау учаскесіне жұбайы Меланиямен бірге барды.
АҚШ Конгресіне аралық сайлау 3 қарашада өтеді. Дегенмен америкалық сайлаушылар мерзімінен бұрын, сайлау учаскесіне жеке келіп немесе пошта арқылы дауыс бере алады.
Сайлау барысында Өкілдер палатасының барлық мүшесі мен Сенат құрамының үштен бірі қайта сайланады. Қазір Конгрестің қос палатасы да Республикалық партияның бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы аралық сайлау Дональд Трамптың биліктегі жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін жазған едік. Егер республикашылдар Конгрестің бір немесе екі палатасындағы бақылауынан айырылса, президентке өз саясатын жүзеге асыру қиындай түседі. Ал демократтардың президент әкімшілігінің қызметіне қатысты тергеу жүргізу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл сайлаудың нәтижесі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін неліктен маңызды екенін Kazinform агенттігінің халықаралық сарапшысы Сұлтан Әкімбеков талдап көрді. Материалды мына сілтемеден оқи аласыз.